Текст
Оқушыларға жан-жақты, саналы білім беруде, оларды еңбекке баулып, еңбек ете жүріп танымдық қабілеттерін дамытуда жазғы практикасының берері мол. Практика барысында оқушылар тапсырылған іске жауапкершілікпен қарауға тәрбиеленеді, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге тырысады. Оқушылар мектеп айналасына гүлдер отырғызып, ауланы арамшөптерден, қоқыстардан тазартты. Қазіргі уақытта арамшөптерді жұлып, гүлдерді суарып жүр.