Текст
Ұлттық біліктілік тестілеуі – білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым әзірлеген тестілер бойынша бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және арнайы білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындауға бағытталған рәсім. Ұлттық біліктілік тестілеу екі блокқа бөлінеді және барлығы 100 тест тапсырмасынан тұрады: бірінші блок «Оқыту пәнінің мазмұны» бойынша 70 тапсырма, екінші блок «Педагогика, оқыту әдістемесі» бойынша 30 тапсырма.